Басты тақырыпЖаңалықтар

Тұлғалар бейнесі – пошта маркаларында

Жуырда «Қазпошта» АҚ атақты қазақ ғалымдары, қоғам және мемлекеттік қайраткерлері – Әлихан Бөкейхан, Ыбырай Алтынсарин, Қайым Мұхамедхановтың мерейтойлық күндеріне арналған «Естелік және мерейтойлық күндер» сериялы пошта маркаларын айналымға енгізді.

7 4

«Естелік және мерейтойлық күндер» сериялы пошталық маркасы «Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл» тақырыбында көрнекті қоғам және мемлекеттік қайраткер, “Алаш” ұлттық-демократиялық партиясының ұйымдастырушысы және көшбасшысы, тұңғыш қазақ ұлттық Алашорда үкіметінің басшысы, ғалым, публицист – Әлихан Бөкейханды бейнелеген. Бүгінгі күні марканың номиналы – 5 теңге, ал, таралымы 2 500 000 дана болып отыр.

Сонымен қатар, «Естелік және мерейтойлық күндер» сериялы пошта маркасы қазақтың көрнекті ағартушысы, жаңашыл-педагог және жаңа мектептер ұйымдастырушы, этнограф, ауыз әдебиетін жинақтаушы, ақын, прозашы, аудармашы – Ыбырай Алтынсаринді де бейнелеп отыр. Пошталық марканың номиналы – “А” литерлі (121) теңге заңды тұлғаларға арналған 20 грамм салмаққа дейінгі қарапайым хаттарды жерүсті көлігі арқылы жіберуге арналған тарифке сәйкес келеді. Таралымы 2 500 000 дана.

Пошталық маркада сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ғалым, ақын, жазушы, драматург, аудармашы, Абайтану мен Шәкәрімтанудың ғылыми негізін қалаушы, қоғам қайраткері – Қайым Мұхамедханов та бейнеленген. Қазақ КСР-ның (1945 жыл) Мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы, Ұлы Отан Соғысына қатысушы. Пошталық марканың номиналы – “С” литерлі (218) теңге Қазақстан Республикасы аумағында жерүсті көлігі арқылы салмағы 20 граммға дейінгі тапсырысты хаттарды жөнелтуге арналған тарифке сәйкес келеді. Таралымы – 2 500 000 дана.

Пошта маркасының басылымы офсеттік, 2 бояумен, шетіндегі ойықтар ирек тісті. Шығарылу түрі – маркалық бет. Бір бетте – 105 марка. Беттегі марка өлшемі 26Х18 мм. Суретші – Сергей Маршев. Пошталық маркалар “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Банкноттық фабрикасы” республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылған.

Мирас АСАН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button