АймақҚарағанды

Құтқарушылар қауіптің бетін қайтарды

Дауыл мен желдің салдарынан Қарағандыдағы Кеншілер даңғылы №70 үйдің қасбетін жапқан металл конструкция құлаудың сәл-ақ алдында қалған. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары  шұғыл түрде көрсетілген мекен жайға барып, адам өміріне қауіп төндіріп тұрған металл конструкцияны алып тастады.

Үйдің қасбетін қаптап тұрған металл конструкциясы жел мен дауылдың салдарынан орнынан босап кеткен. Тек, құрылысшылар бекіткен бірнеше болт қана ұстап қалған. Бұл туралы көше тұрғындары төтенше жағдайлар қызметіне хабарласып, 10 қабатта орын алған жағдай туралы айтып берген. 

– Төтенше жағдайлар департаменті мамандары дер кезінде келіп, металл конструкциясын түбегейлі алып тастады. Зардап шеккендер жоқ, – деп жауап берді төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button