Спорт

Жерлесіміз – Азия чемпионы

Бүгін Астана қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында қарағандылық Эльмира Сыздықова (76 келі) алтын алды, деп хабарлайды Ortalyq.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Финалда ол қырғызстандық Айпері Медетқызымен шеберлік байқасты.

Қарағандылық балуан қарсыласынан жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыласын жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Құрлықтық бәсекеде алғашқы белдесуінде ол өзбекстандық Озода Зарипбаеваны мерзімінен бұрын жеңіп кетті. Одан кейін қытайлық Хуан Вангті ұпай санымен қапы қалдырды.

Айта кетсек, Э.Сыздықова биыл еліміздің VI жазғы Спартакиадасында топ жарды. Эльмира осыған дейін Азия чемпионатында 1 алтын, 2 күміс, 3 қола алған еді.

Еске салсақ, бұған дейін ел құрамасынан Марина Седнева (55 келі) ІІІ орын үшін сайыста Нгуень Ти Май Трангты жеңіп, қола жүлде алды.

Сондай-ақ, Елена Шалыгина (68 келі) ІІІ орын үшін сайыста тағы Мээрим Жуманазаровадан басым түсіп, тағы бір қоланы қоржынға салды.

Ал, Диана Каюмова (59 келі) қола жүлде үшін сайыста қырғызстандық Калмира Билимбекқызынан жеңіліп қалды.

Енді 12 сәуірде әйелдер күресінен 53, 57, 62, 65, 72 келі салмақта балуандар бақ сынайды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button