Басты тақырыпНұра

Сый-құрметке лайық

   Нұра ауданының орталығында Мұғалім күні мерекесіне арналған «Жыл мұғалімі – 2017» байқауы өтті. Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Ниқанбай ОМАРХАНОВ қатысты.

Аудан басшысы ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтап, К.Мыңбаев мектебінің мұғалімі Әсима Исаинованы, С.Сейфуллин атындағы мектеп мұғалімі Марал Мадина, Заречный орта мектебінің мұғалімі Қазына Амр­е­н­ова мен Шайменов мектебінің мұғалімі Ахан Махаметчинге Құрмет грамоталарын табыстады.

Мұғалімдердің аудандық кәсіп­одақ ұйымының басшысы Таңжарық Акижанов Мұғалімдердің облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен, Киевка №2 қазақ орта мектебінің директоры Күлпаш Жанқуатова мен аудандық спорт бөлімінің маманы Жанболат Имашевті марапатталды.

Салтанатты шараның екінші бөлімі «Жыл мұғалімі – 2017» байқауының қорытынды бөліміне ұласты. Бұл байқау екінші жыл қатарынан ауданымызда мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыту және педагогикалық тәжірибесін тарату мақсатында өткізілуде. 2017 жылдың мамыр айында аудандық байқаудың екі бөлімнен тұратын І кезеңі өткен болатын. Бұл жерде ұстаздар кәсіби шеберліктерін танытты және тәрбие сағаттарын ұйымдастырды. Ол сынға қатысқан 17 ұстаздан іріктеліп, ақтық сынға 6 мұғалім жолдама алған. Осы сайыста 4 бөлімнен тұрды. Байқауға қатысушылар өздерін таныстырды. ІІ бөлім «Ашық микрофон» деп аталып, сұрақтар қойылды. «Педагогикалық жағдайлар» бөлімінде сабақ барысындағы келеңсіз жағдаяттардан шығу жолдары қарастырылды. Соңғы ІV бөлім үй жұмысы – «Мұғалімнің демалыс күні» деп алынды. Бұл байқауда мұғалімдер әртістік шеберліктерін танытты.

«Ең жақсы үй тапсырмасы» номи­нациясы бойынша М.Сүлейменов мектебінің мұғалімі – Алтынгүл Піш­е­­н­­баева, «Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша – Павел Бирюков марапатталып, екі мұғалімге де 50 мың теңгенің сертификаттары табысталды. ІІІ орын және 100 мың теңгелік сертификат – К.Шайменов мектебінің мұғалімі Назгүл Майкотовада, ІІ орын иегері Байтуған мектебінің мұғалімі Антонина Кандыбко 150 мың теңгелік сертификатқа ие болды. І орын иегері А.Асылбеков мектебінің мұғалімі Бекзат Досмағамбетоваға – 200 мың теңгенің сертификаты, ал, бас жүлде иегері Киевка кенті №2 мектебінің мұғалімі Саягүл Серікбаеваға 350 мың теңгенің сертификаты табысталды. Аудан әкімі Ниқанбай Омарханов келесі жылғы байқаудың сыйақысын екі есеге ұлғайтатынын айтып, мұғалімдер қауымын қуантып тастады.

Өз тілшімізден.

НҰРА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button