Ресми

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» атты республикалық байқау өтуде

Облыс әкімінің қолдауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің ұйымдастыруымен 25 қыркүйекте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» атты республикалық жобалар байқауы басталды. Байқауға барлық ниет білдіруші тұлғалар қатыса алады.

 

Байқау төрт бағыт бойынша екі кезеңнен өткізіледі.

  1. Қоғамдық бақылау
  2. 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу
  3. 3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою
  4. 4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар

Байқаудың іріктеу кезеңі 25-қыркүйектен басталып, 30-қазанға дейін жалғасады. Ақтық кезең 1 желтоқсанда Қарағанды қаласында өтеді.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жоба авторлары ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ, жобаны жүзеге асыру үшін қаржылай және техникалық қолдау көрсетіледі. Байқауға қатысу үшін өтінімдер 30-қазанға дейін Konkurs1424@mail.ru электронды поштасына жолдануы қажет.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button