Спорт

«Super bol» болашаққа бағдар бар

«Super bol» спорттық жобасы Қазақстанда тағы да басталды. Бұл жолы спорттық іс-шараға іріктеу кастингі Қарағанды қаласында өтпекші.

Жалпыға мәлім бұл реалити-шоу жас футболшылар үшін арманға қанат қағуға көмектесер бірден-бір шара. Тіпті, кәсіпқой футбол алаңынан көрінуге де жол ашылмақ дейді бапкерлер. Қатысушылар жасы 16-24 жасқа дейін.

Тағы бір айта кетерлігі жобаның басты ерекшеліктерінің бірі өзара жеңіске жеткен командалар отандық және шет елдік футбол клубтарын финалдық кездесуге шақырта алады. Өткен жылы іріктеуден 6 мыңға жуық футболшы өткен. Бұл аз десеңіз осы бір шоудың арқасында тоғыз жас футболшы әлемдік танымал футбол клубтарымен келісімге отырған. Кастинг «Шахтер» стадионының қосалқы алаңында өтеді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button