Су тасқыны – бақылауда

   Кеше облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ су тасқыны қауіп төндірген орындарды аралап көрді.

Аймақ басшысы барлық тұрғындары эвакуацияланған Садовое селосында болды. Самарқанд су қоймасына барды. Ғ.Мұстафин атындағы кент маңында көшпелі командалық штабтың жиынын өткізді.

Ерлан Қошанов су қоймаларындағы су деңгейін тұрақты ұстауды тапсырды. Бұл су тасқынының алдын алу үшін қажет. Облыс әкімі эвакуацияланған барлық тұрғындарға қолайлы жағдай жасауды да талап етті.

Облыс әкімінің орынбасары Андрей Ляпуновтың айтуынша, күннің күрт жылуына байланысты, су тасқынының қарқыны артты. Бірақ, екі күн өткен соң су тасқынының беті қайтуы ықтимал. Эвакуацияланғандар алдағы аптада өз үйлеріне оралады.

Шерубай-Нұра және Самарқанд су қоймаларына жақын елді мекендерді су шаймауы үшін су қоймаларынан суды ағызу қарқынды жүргізілуде.

Садовое елді мекені жергілікті полиция қызметінің бақылауында. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де кезекшілік атқаруда.

Сарытөбе селосында 6 үйді су алды. Садовое селосындағы үйлерге су кірген жоқ. Бірақ, 9 ауланы су басты. Адам өмірін сақтап қалу мақсатында тиісті іс-шаралар жүргізілуде. ТЖД қызметкерлері, техникасы және барлық елді мекенге Ұлттық гвардия сарбаздары жұмылдырылды, – деп мәлімдеді А.Ляпунов.

Облыс әкімі, сондай-ақ, су шаю қаупі бар «Қарағанды-Павлодар» тас жолындағы жағдаймен танысты. Жол бойындағы су өткізетін құбырларды көрді.

Өңірдегі су тасқыны қатаң бақылауда. Аймақ басшысы ахуалды тәулік бойы назарынан тыс қалдырмайды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.