Қарағанды

Ұстазы – білікті, шәкірті – білімді

    Білім – болашақ үшін салынатын ең құнды инвестиция. Сондықтан, Мәңгілік Еліміздің мұратты мұрагерлерін тәрбиелеу ісіне аса үлкен мән беріледі.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ айтқандай, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.

77 мектеп-балабақша кешенінің педагогикалық ұжымы да жаңа форматтағы білім беру мазмұнына терең үңіледі. Ұстаздар білім беру ісіндегі оң өзгерістерге, уақыттың талабынан туындаған жаңа міндеттерге жауапкершілікпен қарайды.

Білім ұясының мұғалімдері біліктілігін жетілдіруден, өзара тәжірибе алмасудан қол үзген емес. Әріптестеріміз түрлі деңгейдегі оқу курстарына жүйелі түрде қатысады.

Мәселен, №77 мектеп-балабақша кешені 3 «Ә» сыныбының жетекшісі Жаңагүл Назирова біліктілігін арттырудың үш айлық курсын тәмамдады. Қазіргі уақытта жаңа форматта білім беру бойынша тәжірибесін шыңдап, әріптестер арасында оқыту мен оқуды жетілдіру үшін оқушылардың рефлексивті іс-әрекетінің тиімділігі туралы тәжірибе алмасу арқылы сабақтар ұйымдастыруда. Сабақтың жоспарын құрып, оқушылардың ұсыныстарын ескеріп, курстан өтпеген мұғалімдерге сабақ беруде. Мұғалім қолданатын «Тәжірибедегі рефлексия» кәсіби даму бағдарламасы – кәсіби дамуға қолдау көрсету мақсатында әзірленген және мектеп тәжірибесін дамытудағы жобаларға серпін беруде. Жаңа идеялар енгізуге бағыт-бағдар беріп, мұғалімдердің тәжірибелік жұмысына да, оқушылардың білім алу үдерісіне де оң әсер етуде. Және мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпалы зор. Қазіргі таңда мектебіміздің мұғалімдері тыңдаушылардың меңгерген біліміне қарай әр сабаққа тиісті баға беріп, алдағы сабақтарын жетілдіру жолдарын іздейді. Бағдарламаның теориялық негіздерін отандық оқыту тәжірибесіне ойдағыдай бейімдеуге болатындығын шынайы дәлелдеп жүр.

Әсем АХМЕТОВА,

77 мектеп-балабақша кешенінің бастауыш сынып мұғалімі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button