Ресми

Ұстаздар қауымына құрмет

Қарқаралыда ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтау салтанаты Ш.Жандарбекова атындағы мәдени-сауық орталығында өтті. Жиында аудан әкімі Әділжан Арғынұлы білім беру саласының қызметкерлеріне игі лебізін жеткізіп, мамандардың бірқатарын елеулі еңбегі мен шығармашылық үлестері үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапаттады.

Ал, Р.Молдақашева атындағы №17 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Сәуле Кәріпті білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі мен педагогикалық қызметтегі шығармашылық табыстары үшін «Бөтей Шор» қорының төрағасы Бақтыбай Жүнісов қордың Құрмет грамотасымен марапаттап, 300 мың теңге сыйақы табыс етті.

Ұстаздар қауымын Қарқаралы аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Сайлау Әлиұлы мен аудандық білім бөлімінің басшысы Абылай Жәлелов те арнайы құттықтады. Абылай Армияұлы республикалық «Үздік педагог – 2024» байқауының аудандық кезеңінің жеңімпазы, О.Жәутіков атындағы №1 ЖББМ мұғалімі А.Әменованы және облыстық «Жылдың үздік мұғалімі – 2024» байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Кейінгі байқауда жүлделі ІІІ орынды №20 мектептің биология және химия пәні мұғалімі А.Мұқанова, ІІ орынды №30 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Қуанышбекова, І орынды №21 мектептің математика пәнінің мұғалімі А.Кактаева, Бас жүлдені №22 мектептің математика пәнінің мұғалімі Ж.Құлқаева иеленіп, оларға ақшалай сыйақылар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Қарқаралы ауданының білім беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Азамат Секербайұлы бірнеше педагогты Қазақстандық салалық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының «Сала қызметкерлерінің кәсіп­одағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапаттады.

Аудан өнерпаздары мен өнер ұжымдары ән мен жырдан шашу шашып, мерекелік кештің шырайын келтірді.

Ұстаздарымыздың мерейі арта берсін!

Болатбек ӘШІМҰЛЫ,
Қарқаралы ауданы.
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button