Қарағанды

Ұстаздар аттестаттаудан өтеді

    Бүгін С.Сәттаров атындағы №57 мектеп-лицейінде аттестаттаудан мерзімінен бұрын өтетін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар біліктілік тестілеуінен өткізіледі.

Қалалық аттестаттау комиссиясы мерзімінен бұрын екінші, бірінші және жоғары санатты беруге, растауға берілген 124 педагогикалық қызметкердің материалдарын қарады.

Қалалық аттестаттау комиссиясының отырысы қорытындысы бойынша, 109 педагогикалық қызметкерлер аттестаттаудың бірінші кезеңі – біліктілік тестілеуіне ұсынылды.

Қаланың білім ұйымдары педагогтарын аттестаттау материалдарын қарастыру ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» бұйрығының 20-3 тармағына және «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары туралы» 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №512 бұйрығына сәйкес өткізілді.

Қала әкімінің

баспасөз қызметі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button