БілімЖаңалықтар

Ұстаздарға арналған жаңа бағдарламалар әзірленіп жатыр

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары қайта қаралып жатыр. Бұл жайында оқу-ағарту министрлігінен мәлімдеді.

 – Мемлекет басшысы мен ел Үкіметі бюджет саласы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мәселесіне үнемі ерекше назар аударады. Бюджет саласының қызметкерлерінің, оның ішінде педагогтердің жалақысы бірнеше рет (2001 жылы — 30, 2002 жылы — 35, 2004 жылы — 20, 2006 жылы — 32, 2007 жылы — 30, 2008 жылы — 8, 2009 жылы — 25, 2010 жылы — 25, 2011 жылы — 30, 2014 жылғы 1 сәуірден бастап — 10, 2016 жылы шамамен — 11, 2019 жылы шамамен 50 пайызға) көтерілді. Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес, 2020-2023 жылдары кезеңінде педагогтердің жалақысы екі есеге (2020 жылы — 25 (2019 жылғы базаға қарағанда), 2021 жылы — 50, 2022 жылы — 75 және 2023 жылы — 100 пайызға) артты. Сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтерінің жалақысы 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап тағы 30 пайызға көтерілді. Биыл педагогтердің жалақысын арттыру қарастырылмаған, — деп атап өтеді министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведомствоның мәліметінше, Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасын орындау үшін білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын педагог емес қызметкерлердің (әкімшілік және қосалқы персонал қызметкерлерінің) жалақысы 2022-2025 жылдар кезеңінде орта есеппен 20 пайызға көтеріліп жатыр.

Мәселен, олардың жалақысы 2022 жылы — 23, ал өткен жылы — 45 пайызға ұлғайды.

 – Осылайша, білім беру ұйымдарының әкімшілік және қосалқы персонал қызметкерлерінің жалақысы 2024 жылы 71 пайызға өсті. Аталған санаттағы қызметкерлердің жалақысын 2025 жылы 100 пайызға арттыру жоспарланған, — деді министрліктен.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button