Жезқазған

Ұстаз еңбегі ерен

Әр ата-ананың бар ойы – баласының азамат болып қалыптасуы, адамдықтан аспай, жамандықтан жырақ болып, жақсылыққа жақын болуы. Ал, үкілеген үмітін ақтап, әлпештегені абыройын асқақтатса ата-ана үшін арман бар ма, шіркін?! Осы орайда ұлы Абайдың «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деген сөзі еске оралады.

Бүгінде көзіміздің қарашығындай балапандарымыздың мерейімізді өсіріп, мәртебемізді арттырып жүруінде ұстаз үлесі зор. Жезқазған қаласындағы №7 мектеп-лицейінде тынбай еңбек етіп келе жатқан Гүлсім Жақыпбекова – шәкірт тәрбиелеуде өзіндік өрнегін салып жүрген ұстаз.

2014 жылы қалалық білім бөлімінің алғысын алып, 2016 жылы Чехияға халықаралық олимпиада жеңімпаздарын дайындағаны үшін марапат иеленгені оның еңбегінің жемісі деп білеміз.

Бүгінгі таңда үлгілі ұстаз оқушылардың бойына адамгершілік, парасаттылық, мәдениеттілік сынды ізгі қасиеттерді сіңіріп ғана қоймай, білім мен біліктілікті қатар ұстап келеді. Әр баланың сабақ үлгерімін жіті қадағалап, мінез-құлқына, әдебіне көңіл бөліп отырады. Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының «Мәңгілік ел ұстаздары» ІІІ республикалық тәжірибелі, білікті білім саласының үздік қызметкерлерінің  антологиясына, халықаралық Х Байқоңыров оқулары аясында «Жаңа педагогикалық технологиялар білім беру қызметінің сапасын арттыру негізі» баяндамасының жинақта жарық көруі, республикалық ғылыми педагогикалық кітапхана жинағына «Оқушылардың дамуына жағдай жасау үшін олардың өздігінен білім алу әрекетін ұйымдастыру» баяндамасының енуі біз үшін үлкен мақтаныш. Сынып оқушыларының жаратылыстану ғылымдарына әуес болып, ғылыммен айналысуы да Гүлсім мұғалімнің өз ісінің шебері, білікті маман екенін айғақтайды.

 Айгүл ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА,

 №7 мектеп-лицейі

 10 «Б» сыныбының

 ата-аналар комитетінің төрағасы.

 ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button