Ресми

Сот саласындағы соны өзгерістер

Өңірге жұмыс сапарымен келген Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев облыстық сотта 2023 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша кеңес өткізді. Оның жұмысына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров қатысты. Сондай-ақ, облыстық соттың төрағасы Ерден Әріповтің, алқа төрағалары Рашид Нұрмағамбетов­тің, Игорь Пак пен Мұрат Туғанбаевтың есептері тыңдалды.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Асламбек Мерғалиев алдымен өңірдің судьялар корпусын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету және жауапкершілігін күшейту, азаматтардың құқықтарын қорғаудың сапасы мен деңгейін арттыру, сот төрелігін жүзеге асыру процесіне жұртшылықты тарту және сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған бастамаларымен таныстырды.

Одан бөлек, Асламбек Амангелдіұлы аудандық соттардың төрағаларын сайлау элементтерін енгізу, бұл лауазымды 2 реттен артық атқаруға тыйым салуды жою, Жоғарғы Сот судьяларын Сенаттың баламалы негізде сайлау механизміне де тоқталды.

– Судьялыққа кандидаттарды даярлау, біліктілігін арттыру, жас шектеуін ұзарту, қызметтегі судьялардың өкілеттіктерін тоқ­тата тұру және тоқтату мәселе­лерін Жоғарғы Сот Кеңесі қарай­ды. Осылайша, Кеңес судья кадр­­­­ларын іріктеуге, олардың ман­­­­саптық өсуіне және құрметті отставкаға шығуына толық жауап­­ты болады, – дейді Асламбек Мерғалиев.

Жоғарғы Сот төрағасы күштік органдардың судьяларға ықпалын жоюға да тоқталды. Бұдан былай судьяларға қатысты арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын санкциялау жөніндегі өкілеттіктерді облыс прокурорлары емес, Бас Прокурор атқарады.

Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, елімізде Сот жюриінің күші жойылған сот актілерін тексеру екі есе азайған. Бұл заңды өрескел бұзу болып табылады. Ал, Қарағанды облысының соттарында мұндай бірде-бір өрескел бұзушылық жоқ.

Сот саласындағы тағы бір жаңашылдық – судьяларды кәсіби бағалау өлшемшарттары оң­тай­ландырылып, олардың әлеуметтік пакеті жақсарады.

Асламбек Мерғалиев сот жүйесінің цифрлық сервистері – жасанды интеллект элементтері бар «Сот практикасының цифрлық талдауы» және сот орындаушыларының қаулыларын санкциялау­ды роботтандыру мен кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіру туралы сот бұйрықтары жайында да атап өтті.

Жоғарғы Сот төрағасы өңір­дің сот корпусының назарын құ­қық үстемдігі мен сот төрелігін жүзеге асыру сапасын қамтамасыз етуге аударды. Айтуынша, әкімшілік істер бойынша сот ше­шімдерінің 60%-дан астамы мемлекеттік органдардың пайдасына шығарылмаған. Ал, өңірдің жергілікті атқарушы органдары өткен жылы әкімшілік істердің 61%-ы бойынша ұтылған. Олардың басым бөлігі – тұрғын үй мен жер дауы.

Асламбек Мерғалиев жергі­лік­ті мемлекеттік органдар басшыларының сот практикасына са­раптама жасап, ұйымдастыру­шылық-басқарушылық шешімдер қабылдаулары қажет екендігі туралы айтты.

2023 жылы Ұлттық статистика бюросының бағалауы бойынша, өңірдегі соттарға халықтың сенім деңгейі 52,7% болғанына кеңеске қатысушылар назарын аудартты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етуге соттар төрағаларының жеке жауапты екенін айта келіп, спикер соттардағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерін түбегейлі жою және халықтың сенім деңгейін арттыру жұмыстарын жандандыру қажеттігіне тоқталды.

Кеңес соңында сот жүйесінің ардагерлері Әбдіәшім Салин мен Әлихан Сағиевқа «Мінсіз қызметі үшін» медальдары салтанатты түр­де табыс етілді.

Отырыс жұмысынан кейін Аслам­бек Мерғалиев облыс тұр­ғындарын жеке қабылдады.

Жұмыс сапары аясында А.Мер­­­­ғалиев пен Н.Ахметзакиров Кәмелетке толмағандардың іс­­тері жөніндегі мамандандырыл­ған ауданаралық сотында бол­ды. Президенттің қыркүйектегі Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мақсатында «Отбасылық сот­тың» соттылығын кеңейтуді ес­кере отырып, оның қызметімен танысты.

Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button