Жаңалықтар

Ә.Смайылов: қызылшамен қоғам болып күресуіміз қажет

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында қызылшамен күреске жергілікті әкімдер белсенді атсалысуы керектігін айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Сурет: Казинформ

– Аурудың таралуын тоқтату керек. Қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулығына аса қауіп төндіреді. Сондықтан онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып күресуіміз қажет, – деді ол.

Үкімет басшысы екпе алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

– Мұндай қауіпті вируспен вакциналаудан өзге жолмен күресу мүмкін емес. Сондықтан екпе алуды күшейту қажет. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер вакцина алудың қажеттігі туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейтуі тиіс. Барлық әкімдер вакциналау мәселесін жеке бақылауда ұстап, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмысты үйлестіруі керек, – деді Әлихан Смайылов.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button