Спорт

Әскерилер татамиде жұдырықтасты

Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығының Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінде жекпе-жек сайысынан ел чемпионатының ашық біріншілігі өтті. ІІМ орынбасары-Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақановтың мұрындық болуымен ұйымдастырылған  чемпионатқа төрт әскери бөлімнен 35 спортшы қатысты. Аталмыш шараға Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбеков арнайы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Суреттер: автордан

– Әрқайсыңыз өңірлік қолбасшылықтың боз көлемінде өз әскери бөлімдеріңіздің намысын қорғап тұрсыздар. Жекпе-жек сайысы әскер саласында бұрыннан келе жатқан спорттың бірі. Жеңіске жеткен сарбаздар алдағы уақытта Ұлттық ұлан алдында  таныстыратын боламыз. Шын мықты жеңіске жетсін, – деді Сакентай Амантайұлы.

Дода шарты бойынша жарыскерлер 53-келі ден аса 85 келі және одан жоғары салмақ дәрежесінде өзара кездесу ұйымдастырды.  Әр спортшы өзгені жеңіп, өзіндік айла-тәсілін қолдана отырып жеңіс тұғырынан көрінбек, солардың бірі Көкшетаулық 5510 әскери бөлімінен келген капитан Дамир Дюсенбин өзінің ойымен бөлісті.

– Жекпе-жек оңай өтіп жатыр деп айту қиын, барлығы да жақсы дайындықпен келгені көрініп тұр, бұл жарысқа екі ай көлемінде дайындалған едік, баптаушымыздың атын жерге қаратпай намысқа тырысамыз, – дейді спортшы.

Сайысқа қатысушылар жақсы дене даярлығын мінез бен қайсарлық, табандылық пен өжеттілік қатар ұстаған жарыста барынша бақ таласып, өздерінің шеберліктерін арқасында жоғары спорттық нәтижелерін көрсете білді. Жалпы кездесуде 19 әскери қызметші спорттық разрядтардың нормативтерін орындады.

Жарыс қорытындысы бойынша:

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:

ІІІ орын  ефрейтор Ахметбеков Жастілек Рысбекұлы, 6697 әскери бөлімі Қостанай қаласы;

аға лейтенант Саткенов Темирлан Өмірсерікұлы – ІІ орын, 5510 әскери бөлімі Көкшетау қаласы;

осы салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған қатардағы Чаймердан Жақсылық Айдарбекович марапатталады, 5451 әскери бөлімі Қарағанды қаласы;

62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:

ІІІ орын ефрейтор Серғазы Өмірәлі Оразалыұлы, 5451 әскери бөлімі Қарағанды қаласы;

ІІ орын капитан Дюсембин Дамир Ерболұлы, 5510 әскери бөлімі Көкшетау қаласы;

І орынды аға лейтенант Абикеев Ержан Сагатович еншіледі, 6697 әскери бөлімі Қостанай қаласы;

67келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:

ІІІ орын капитан Мұханбетов Ерлан Асылбекұлы, 6637 әскери бөлімі Петропавл қаласы;

ІІ орын аға лейтенант Вайль Артем Анатольевич, 5510 әскери бөлімі Көкшетау қаласы;

І орын –  кіші сержант Әділбеков Әділет Әділбекұлы, 5451 әскери бөлімі Қарағанды қаласы;

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:

ІІІ орын аға лейтенант Жетписбаев Арман Беккожаевич , 5510 әскери бөлімі Көкшетау қаласы;

ІІ орын лейтенант Тохтар Орман Мухтарұлы, 6637 әскери бөлімі Петропавл қаласы;

осы салмақ дәрежесінде жеңімпаз аталған  қатардағы Батырхан Шыңғысхан Мухитұлы, 5451 әскери бөлімі Қарағанды қаласы;

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:

ІІІ орын кіші сержант Аманкелдінов Ерден Еркінұлы, 6637 әскери бөлімі Петропавл қаласы;

ІІ орын Көкшетаулық 5510 әскери бөлімінен келген лейтенант Мыктыбаев Темирлан Маликовичқа бұйырса;

салмақ жеңімпазы Қарағандылық 5451 әскери бөлімінің сардары  лейтенант Картабаев Ерболат Кабдылкалиевичқа бұйырды;

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:

ІІІ орын капитан Биримжанов Нуржан Куанышпаевич, 6637 әскери бөлімі Петропавл қаласы;

ІІ орын лейтенант Қонақбаев Алмат Галымович, 6637 әскери бөлімі Петропавл қаласы;

осы салмақ дәрежесінде жеңімпаз аталған лейтенант Садыков Жанай Дюсенгалиевич, 5451 әскери бөлімі Қарағанды қаласы;

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:

ІІ орын аға лейтенант Кулгаров Бекзат Маратаевич, 5510 әскери бөлімі Көкшетау қаласы;

осы салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған Қарағандылық сардар – лейтенант Корпебаев Дархан Дулатович;

97 келіге  жоғары салмақ дәрежесінде:

ІІІ орын лейтенант Чензе Сергей Николаевич, 5451 әскери бөлімі Қарағанды қаласы;

ІІ орын сержант Әлібеков Ерасыл Әлібекұлы, 6637 әскери бөлімі Петропавл қаласы;

салмақ жеңімпазы –  сержант Амренов Рустем Тойбекұлы, 5510 әскери бөлімі Көкшетау қаласы.

Сонымен қатар, «Үздік техникасы үшін»  қатардағы Чаймердан Жақсылық Айдарбекович марапатталады, 5451 әскери бөлімі Қарағанды қаласы;

«Ең жылдам жеңіс үшін» лейтенант Картабаев Ерболат Кабдылкалиевич марапатталады, 5451 әскери бөлімі Қарағанды қаласы;

«Жеңіске деген жігері үшін» майор Бекенов Рустем Ержанович марапатталады, 5510 әскери бөлімі Көкшетау қаласы.

Алияр ДҮЙСЕНБАЙ,
ҚР Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметкері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button