Жаңалықтар

Әскери аруларға құрмет көрсетілді

7 наурыз күні Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығында көктемнің шырайлы мерекелерінің бірі «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні»  аталып өтті.

Сурет автордан

Қабырғадағы ізгі тілектер, айналаң толы суреттер мен әсем әуен, жылғадай аққан су тәріздес әзірленген безендірулер мерекенің әсемдігін толықтай білдіре түсті.

– Бүгінгі таңда өңірлік қолбасшылығымызда қызмет етіп жүрген әскери әйелдер қауымы болаттай тәртіпке өзіндік көзқарасын білдіргендері үшін ерекше құрметке ие. Себебі ел қорғау жолында ерлермен бірге қарудан оқ атып, далалық ортада бейімделуді үнемі үйреніп, тіпті өз араларында – үздік таңылады. Әскерде күш – үйде аяулы ана, сіңлі, қарындас, ешқайсысына тең келмес жар болғандарыңызға Сіздерге мың алғыс, – деп Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбеков өзінің лебізін білдірді.

Шара барысында нәзік жандылардың құрметіне ІІМ полиция  генерал – лейтенанты Ержан Сәденов, ІІМ орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов, өңір қолбасшысының, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевтың құттықтау бұйрықтары жеткізіліп, салтанатты түрде иелеріне табысталды.

Жиын соңы әскерилер мен қоғамдық бірлестіктердің ұйымдастырған концерттік бағдарламасымен ұласты.

Алияр ДҮЙСЕНБАЙ,
ҚР Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметкері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button