Үшінші сатыға тұрақтады
Алматы қаласында «Дене шынықтыру» пәні бойынша 5-6, 7-8 сыныптар арасында республикалық олимпиада өтті. Байқауға әр өңірден 170-тен астам оқушы қатысты. Қарағанды облысының құрама командасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды.
Жеке есепті жүлделі орындарға біздің үш оқушымыз Алина Склюева мен Матвей Погорелов екінші, Мансұр Тайлақов үшінші орын иеленді.
Футбол, баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика және гимнастикалық жаттығулар жарысынан тұратын олимпиада теорияны да қамтиды. Олимпиадаға қатысушылар ептілікті, жылдамдық пен допты игеру дағдыларын және т.б көрсетуі қажет.
Шахтинск қаласында өткен Республикалық олимпиада алдында мектепаралық турнир өтті. Балалар үздік нәтижелері бойынша іріктеліп алынды. Турнирден соң жас спортшылар екі апта бойы жарысқа дайындалды.
– Олимпиада балдық шкаламен бағаланды. Қатысушыларға ұпайлар беріліп, ең мықтысы анықталды. Барлығы ашық түрде. Біз үшінші орынға ие болдық. Олимпиадаға қатысушылар футболшылар, баскетболшылар, волейболшылар, сондай-ақ, гимнасттар мен жеңіл атлеттер болуы тиіс. Біз жеңіл атлетика мен теориядан екінші орын алдық, – деді Қарағанды командасының жетекшісі, Шахтинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының педагог-зерттеушісі Альфия Ольхова.
Дарина САМЕН,
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті филология факультетінің ІІ курс студенті.