АймақШет

Шет ауданы 2025 жылға дейін ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Шет ауданында биыл ауыз суға мемлекеттік бағдарлама аясында республикалық бюджеттен 440 млн. теңге қаржы қарастырылған. Оған Бұрма ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, ауыл тұрғындары толықтай таза ауыз сумен қамтылмақшы.

Ұлттық жоба аясында ауданда елді мекендерді сумен жабдықтау нысандарын салу жобалары іске асып жатыр. Су құбыры желілері мен блокты-модульдік станциялардың қондырғылары таза ауыз суды үздіксіз алуға мүмкіндік береді.

Жалпы, ресми өкілдердің мәлімдеуінше, Шет ауданында орталықтандырылған су жүйесін пайдалану көрсеткіші артып келеді.

Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров мемлекеттік бағдарлама кезең-кезеңімен жүріп жатқанын айтады.

– Қазіргі таңда ауыз сумен қамту – тұрғындармен кездесуде бірінші кезекте айтылатын мәселе. Жобаны іске асыра отырып, аудан мен ауыл тұрғындарын 2025 жылға дейін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – міндет. Жағдайға мұқият талдау жасалды. Соның нәтижесінде су тартылатын мекендер анықталды. Ақой, Ақшоқы, Ақбауыр, Қызылқой, Ақсу, Еркіндік, Пикет ауылдарында су құбырлары төселіп жатыр. Жобалардың сапалы жүзеге асуы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бақылауында, – деді Мұхит Мұхтаров.

Жоба арқылы 2025 жылы сумен жабдықтаумен қатар, аудан орталығына орталықтандырылған кәріз тартуды 100 пайызға жеткізу жоспарда.

Нұрдос КӘРІМ,
Шет ауданы
Ortalyq.kz

Автордың «Ауыл дамыса, ағайын да көшпейді» атты мақаласынан.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button