Шерағаң – 85 жаста!
Халық жазушысы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қайсар мінезді қаламгер Шерхан МҰРТАЗА – 85 жаста!
Наркескен ақпарат кеңістігінде үлкен мектеп қалыптастырды. Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаларды тәрбиеледі.
Шерағаң «Лениншіл жас» газетінің Қарағандыдағы меншікті тілшісі болған. Жазушы-публицист Камал Смайылов туралы жазған естелігінде: «…Мың да тоғыз жүз елу алтыншы жыл еді. Сен «Лениншіл жас» газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі едің. Мен сол газеттің редакциясына жаңадан келген жайдақ қызметкер болатынмын.
… Қызықты, мағыналы күндердің бірінде бұл ортаға сонау Қарағандыдан Камал Смайылов деген азамат келді. Ондағы меншікті тілшілік қызметінен босап, Алматыға біржолата оралған беті екен.
Ал, «Лениншіл жастың» Қарағандыдағы меншікті тілшісінің орны босап қалды ғой. Сол кездегі бас редактор Абай Бейсенбаевтың таңдауы маған түсті. Сөйтіп, Камалдың Қарағандыдағы орнына мен барайын. Содан үш жылдай уақытым, жастық жігерге толы, романтизмге бейім, жалындаған жақсы кезең осы қасиет дарыған Қарағанды қаласында өтті», – деп жазады Шерағаң.
«Орталық Қазақстан»
газетінің редакциясы.