Спорт

Шавкат Рахмоновтың UFC-дің жаңартылған рейтингідегі орны белгілі болды

UFC 9 сәуірде таңертең өткен UFC 287 турнирінің қорытындысы бойынша жартылай орта салмақ рейтингінің жаңарған нұсқасын ұсынды. 

Рейтингінің тек төменгі жағы өзгерген: Нил Мэгни мен Майкл Кьеза бір сатыға жоғарылап, сәйкесінше 11 және 12-ші орындарға жайғасты. Хорхе Масвидаль Гилберт Бернстан жеңілгеннен кейін екі позицияға төмендеп, 13-ші болып тұр.
Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы – Леон Эдвардс болса, топ үштікті Камару Усман, Колби Ковингтон пен Хамзат Чимаев түйіндеді.

Қазақстан өкілі Шавкат Рахмонов бұрынғыша алтыншы орында қалды.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button