Спорт

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде жоғарылады

Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC (Ultimate Fighting Championship) жаңартылған рейтингінде тоғызыншы орыннан алтыншы орынға көтерілді.

Күні кеше UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилді жеңген отандасымыз жартылай орта салмақтағы үздіктер рейтингінде жоғары сатыға көтерілді. Бұл дивизионның чемпионы – америкалық Леон Эдвардс. Ал, І орында – Камару Усман, ІІ орында –  америкалық Колби Ковингтон. Үздік үштікті швециялық Хамзат Чимаев қорытындылады.

Қазақстандық жауынгер кәсіпқой мансабында 17 (бесеуі UFC-дегі кездесу) кездесу өткізіп, бәрін де мерзімінен бұрын аяқтаған.  

Ербол ЕРБОЛАТ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button