Спорт

Шавкат Рахмонов UFC-дегі жеңісінен кейін елге оралды

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов (17-0) UFC-дегі бесінші жеңісінен кейін Алматыға келді.

Сурет: smi24.kz

Алматы әуежайында Рахмоновты көптеген жанкүйерлері мен журналистер құрметпен қарсы алды.

Естеріңізге сала кетейік, 5 наурыз күні таңертең Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткен UFC 285 турнирінде Шавкат Рахмонов америкалық Джефф Нилді (15-5) жеңген болатын.

Қазақстандық үшін бұл мансабындағы 17-ші жеңіс болды, сондай-ақ, ол бүкіл жекпе-жектерін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Жартылай орта салмақтағы рейтингте Рахмонов алтыншы орынға көтерілді.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button