Облыстық экология департаментінің мамандары Ақтоғай ауданына қарасты Шашубай кентінде рұқсатсыз төгілген қоқыс үйінділерін анықтау мақсатында рейд жүргізді.
Шашубай кенті – Балқаш қаласынан бес шақырым жерде орналасқан. Департамент мамандары жергілікті әкімдіктің және полиция мамандарымен бірлесе арнай рейд жүргізген болатын.
Нәтижесінде кент маңынан заңсыз төгілген тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын тапқан. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері жер телімінің иесін іздестіруде.
– Рейд барысында кент ішінде бірқатар рұқсат етілмеген қоқыс орыны анықталды. Белгісіз орындардағы қоқыс үйінділерін жою жұмыстары басталды. Әрі жер учаскелерінің иелері іздестірілуде. Рейдтер Шашубайдың сыртында да жалғасады, – деді эколог мамандар.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz