Спорт

«Шахтёр» стадионында шоу-матч өтеді

14 мамырда «Шахтер» стадионында қазақстандық эстрада орындаушылары мен танымал медиа тұлғалардың қатысуымен футболдан шоу-матч өтеді. Жұлдызды матч сағат 16.00-де басталады.

Ойын Flash және SD Family командалары арасында өтеді. Бұл қатарда «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі Алдияр Жапарханов, сонымен қатар, актер Есентай Ниязбаев, бұрынғы футболшы және SD Family футбол клубының иесі Дидар Сыдықбек пен белгілі блогер Ерболат Жанабылов бар.
      Шоу-матч Fonbet media Football League Qazaqstan жобасы аясында өткізілмек. Бұқаралық спортты және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын шараға шақырамыз!

Билет құны – 1000 теңге.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button