Спорт
«Шахтерда» – жаңа қақпашы
Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының қатарына молдовалық қақпашы Игорь Мостовей келіп қосылды.

24 жастағы қақпашы бұған дейін «Зимбру» «Сперанца», «Петрокуб-Хынчешть» және «Кодру» командасында өнер көрсеткен.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қарағандылық клубтың сапына «Шахтердің» түлегі Дмитрий Бачек пен украиналық қорғаушы Дмитрий Рыжук келіп қосылған еді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz