Спорт

«Шахтер» сәуірде 6 ойын өткізеді

Қарағандылық «Шахтер» клубы ел чемпионаты аясында сәуір айында 6 ойын өткізеді.

1 сәуірде қарағандылықтар өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдайды. Қос команда соңғы рет былтырғы күзде кездескен. Ол кездесу 0:2 есебімен алматылықтардың пайдасына шешілген.

8 сәуірде қызылордалық клуб «Қайсармен» сырт алаңда ойнайды. Ал, 15 сәуірде шымкенттік клуб «Мақтааралды» өз алаңында қабылдайды. Сонымен қатар, 19 сәуірде ақмолалық клуб «Оқжетпесті» қабылдайды. Және 23 сәуірде сырт алаңда «Оқжетпеспен» қарымта ойын өткізеді.

Сонымен қатар, қос команда 29 сәуірде тағы бір мәрте кездесуді жоспарлап отыр. Ойын – сырт алаңда өтеді деп күтілуде.

Қазіргі таңда қарағандылық клуб ел чемпионаты аясында 3 ойын өткізген. Алайда, бірде-бір кездесуде жеңіске жетпеді. 3 ойында да жеңіске жеткен «Ақтөбе», «Ордабасы», «Тобыл» және «Қызылжар» клубы турнир кестесінде көш бастап келеді.  

Ербол ЕРБОЛАТ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button