Демалыс күні Қарқаралының таулы орманында дәстүрлі шаңғы марафоны өтті. Биыл үшінші мәрте өткізілген шаңғышылар аламанына Семей, Қарағанды, Теміртау қалаларынан және жергілікті халықтан барлығы елуден аса спортшы қатысты.
![](http://ortalyq.kz/wp-content/uploads/2024/03/ecd662a1-fe64-4a71-8f8c-f0ef2ac596d6-1024x576.jpg)
Жарысқа ересектермен қатар жас жеткіншектер де қатысып, бағын сынады.
Ересек азаматтар шаңғымен отыз шақырым, әйелдер он бес шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Ал 14-17 жастағы жеткіншектерден ұлдар он шақырым, қыздар бес шақырым аралықты бағындырды.
Марафон қорытындысында әр санаттағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен, ақшалай сыйлықтармен, спорт дүкенінің сертификаттарымен марапатталды.
Болатбек ӘШІМҰЛЫ
Қарқаралы ауданы