Шағын шаһардағы ілкімді іс

Өткен аптада Шахтинск қаласында коммуналдық павильонның тұсауы кесілді. Бұл – қала тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік нысан болып табылады. Себебі, коммуналдық павильон ашу мәселесі облыс әкімінің және қала әкімінің есеп беру кездесулерінде бірнеше мәрте көтерілген.

Нысанның салтанатты түрде ашылу рәсіміне қала әкімі С.Аймақов қатысты. Әкім осы нысанның әлеуметтік маңыздылығын атап өтті. Содан кейін шаһар басшысы және жеке кәсіпкер В.Ковтун қызыл лентаны қию мәртебесіне ие болды.

 Қала әкімі сауда сөрелерін аралап, азық-түлік өнімдері түрлерімен және бағасымен танысты. Сатушылармен, тұрғындармен сұхбаттасты.

Бұл күні келушілер ет, тауық, сүт, шұжық өнімдерін, жеміс-жидек пен көкөністі төмендетілген бағамен сатып ала алады.

Қала әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.