Жаңалықтар

Шағымдар ескерусіз қалмайды

    Енді облыс тұрғындары Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік органдарға сауал жолдай алады. Ол үшін ХҚКО-ға келіп, шағым жасау жеткілікті.

Жалпы, еліміз бойынша мемлекеттік органдарға жылына 2 млн. астам өтініштер келіп түседі екен. Шағымдарды дереу қарап, шешімін табу мақсатында ашылған жоба жұмысы бір жағынан қала тұрғындарының жұмысын жеңілдетіп, уақытын үнемдеуге көмектеседі.

Бұған дейін мемлекеттік органдарға 3-5 күн аралығында жететін өтініштер енді «egov» порталындағы электронды сервистер арқылы 50 минут ішінде қаралады. Уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба алдағы уақытта республиканың барлық өңірлерінде жүзеге аспақ. Аталған сервис жұмысы ғаламтор арқылы жүреді.

Бұл үшін алдымен әрбір қала тұрғыны порталда тіркелуі тиіс. «Электрондық өтініштер» сервисін таңдау арқылы ұсынылған нысанды толтырады. ҚР ҚКО ЭЦК-мен қол қойып, мемлекеттік органға жібереді. Жеткізілгені жөнінде хабарлама келгеннен соң, өтініштің мемлекеттік органда тіркеу нөмірі көрсетілген хабарлама немесе өтінштерді тіркеуден бас тарту туралы хабарлама келеді. Сондай-ақ, орындаушы мен орындалу мерзімі көрсетілген хабарлама беріледі. Оған қоса, өтініштің өзге органдарға жіберілгені жөнінде ақпарат айтылады.

Рустам АБДРАХМАНОВ, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша аға прокуроры:

– Әзірге тұрғындар тарапынан әлеуметтік сала, тұрғын үйге қатысты сұрақтар қарастырылуда. Қарағанды облысы бойынша жүзеге асқан пилоттық жоба қала тұрғындарының жұмысын жеңілдетеді деп ойлаймыз. Бұл ретте, Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері азаматтарға түсіндіріп, тіркелу жұмыстарына көмектеседі. Кейін мемлекеттік органдарға жолдайды. Қала тұрғындары аз уақыт аралығында үйде отырып, аталмыш сервис жұмысына үйреніп кетеді.

Жалпы, электронды өтініштер сервисінің көмегімен тізімде берілген мемлекеттік органдарға өтініш жазу және жіберу мүмкіндігі беріледі. Өтініштің жеткізілуі, орындалуы және порталда өтінішке жауап алу барысын аталған қызмет түрі арқылы білуге болады.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button