Бас тақырыпЖаңалықтар

Шағым онлайн қабылданады

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Qoldau 24/7» мобильдік қосымшасын іске қосты.

Енді тұрғындар медициналық сақтандыру бойынша қандай да бір қиындыққа тап болса, осы қосымша арқылы шағымдана алады. Бұл қызмет көрсету сапасын арттыру және емделушілер құқығын қорғау мақсатында қолға алынып отыр.

Шағым жолдау үшін қосымшаны көшіріп алу қажет және тіркелу керек. Шағым жазған кезде фотосурет жүктеу мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, емделушілер өз шағымдарының қай деңгейде қарастырылып жатқанын да онлайн бақылай алады.

– Емделуші медициналық сақтандыру бойынша қиындыққа тап болса, онда сол мекеменің емделушілерді қолдау қызметіне хабарласа алады. Егер, олар қанағаттанарлық деңгейде жауап бере алмаса «Qoldau 24/7» мобильдік қосымшасы арқылы шағымдануға болады, – дейді МӘМС қорының Қарағанды филиалының басшысы Светлана Щиткина.

 Осы орайда, қордың «1406» – бірыңғай байланыс нөмірінің тәулік бойына жұмыс істеп тұрғанын айта кеткен жөн. Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдау орталығына 40 мыңнан астам қоңырау келіп түскен. Олардың басым көпшілігі – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары. Оның 3%-ы ғана – шағымдар. Қалғаны кеңес сұрау сипатында болған.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button