Сәтбаев

Шаһар көшелері шамсыз қалмайды

Сәтбаевта көше жарығы қалпына келтірілуде. Дүниежүзілік банк грантының арқасында қалада 1 454 жарықдиодты шам орнатылады.

Жаңа шамдарды орнату “Сәтбаев қаласының көшелерін жарықтандыруда энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру бойынша жаңғырту” жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жұмыстар басталды. Қайта құру қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, көшені жарықтандыруды қадағалауда, жаңғыртуда айтарлықтай қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Әлемдік оң тәжірибені зерттеу және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату үшін Сәтбаев қаласы 2013 жылы Еуропалық Одақтың “Мэрлер келісімі” жобасына қосылды. Біз “Қазақстанда энергиялық тиімді жарықтандыруды ілгерілету” жобасын әзірлеуге, бұдан әрі жаһандық экологиялық қордың шағын гранттары бағдарламасын іске асыруда мектептерді энергиялық тиімді жарықдиодты жарықтандыруды жүз пайыз енгізу жөніндегі жобаға қатыстық. Жуырда “Сәтбаев қаласының көшелерін жарықтандыруда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жаңғырту” жобасын іске асыру үшін Дүниежүзілік банктің грантына ие болдық”, – деп атап өтті Сәтбаев әкімдігінде.

Басқа материалдар

Back to top button