Облыс әкімдігінде

Шөп сатуға тыйым салынуы мүмкін

Облыста малшыларға қыс мезгіліне 2,2 млн. тонна шөп дайындау қажет. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар САНАУБАРОВ аппарат отырысында жұмыс қалай жүріп жатқаны және фермерлерге қандай қолдау көрсетілетіні туралы айтты.

Аудан әкімдіктері деректері бойынша бүгінгі күні 312,6 мың тонна шөп дайындалды. Жұмыс жоспарына сәйкес жем-шөп дайындауды 1 қазанға дейін аяқтау қажет. Техника жеткілікті. Ауыл шаруашылығы министрлігіне шөп шабу жұмыстары үшін арзандатылған дизель отынын қосымша бөлуге өтінім жолданды. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне мемлекеттік жер беріледі, – деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, шөп бағасының көтерілуіне жол бермеу туралы меморандумдарға қол қою жоспарланған. Сондай-ақ, шөпті аймақтан тыс жерлерде сатуға тыйым салынуы мүмкін.

Азық-түлік қауіпсіздігі – басым міндеттердің бірі болып табылады. Біз ішкі нарықты өз өнімдерімізбен толықтыру үшін шаралар қабылдауымыз керек. Азық дайындау уақытында аяқталуы тиіс. Ауыл шаруашылығы басқармасы, аудан әкімдері қазірдің өзінде егін жинау және тұрақтандыру қорын толықтыру үшін қажетті барлық нәрсені жасауы керек, – деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button