ЖаңалықтарЭкономика

«Шұбаркөл көмір» АҚ «Парыз» байқауының лауреаты атанды

«Шұбаркөл көмір» АҚ «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша  ірі кәсіпкерлік саласындағы “Парыз” бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқаудың күміс жүлдегері атанды. «Шұбаркөл көмір» АҚ президенті Рустам Ибрагимов ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарованың қолынан жоғары марапатқа ие болды.

 

Шұбаркөл көмір – Қазақстандағы көмір өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі. Өндірісті дамытумен және көмір өндіру көлемін ұлғайтумен қатар экология мәселелеріне көп көңіл бөледі. Бағдарламалар аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша практикалық шараларды және биологиялық әртараптылықты сақтау стратегиясын іске  асыруға негізделген. Кәсіпорында ИСО 14001: 2015 стандарты сәтті енгізілді және сертификатталды, циклондар, тазарту коэффициенті 96% дейін атмосфералық ауаға шығарындыларды сіңіретін аспирациялық жүйелер орнатылды. Кәсіпорын Қарағанды облысын көгалдандыру бойынша ауқымды бағдарлама жүргізуде. Биыл кеншілер 2000-нан астам көшет екті. Өңірді көгалдандыру бағдарламасына салынған инвестиция – 10 млн теңгеден асты. 2020 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде экологиялық жобаларды іске асыруға жұмсалған шығындардың жалпы сомасы 200 млн теңгеден жоғары.

 – Біз қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қосқан үлесіміздің жоғары бағаланғанын мақтан тұтамыз, – деп бөлісті «Шұбаркөл көмір» АҚ президенті Рустам Ибрагимов салтанатты марапаттау рәсімі кезінде. – Бұл біздің кәсіпорынның қабылданған стандарттарға сәйкестігі үшін көп үлес қосқан бүкіл ұжымның еңбегі. Өндірісте Қазақстан заңнамасының нормаларына сәйкес қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін заманауи технологиялық шешімдер мен автоматтандыру қолданылады

2015 жылы «Шұбаркөл көмір» АҚ қола жүлдеге ие болып, осы номинация бойынша конкурс лауреаты атанды. Бүгінгі марапат-бұл компанияда болып жатқан сенімді өсудің көрсеткіші. Сонымен қатар, компанияның қоржынында осы байқаудың тағы бір марапаты бар – «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында II орын.

Дамира Жүсіпбекқызы.

Басқа материалдар

Back to top button