Жаңалықтар

Серік Өтешов Қарағанды облысынан сенатор болып сайланды

ҚР Орталық сайлау комиссиясы 14 қаңтарда өткен Парламент Сенаты депутаттарын сайлаудың қорытындысын жариялады. Қарағанды облысынан сайлаушылардың көпшілік дауысын жинаған Серік Балғатайұлы Өтешов сенатор болды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында сенатор мандатына үш адам үміткер болған. Дауыс беру Қарағанды кеншілер мәдениет сарайында өтті. Оған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары – сайлаушылар қатысты.

Сенатты қалыптастыру тәртібі ҚР Конституциясында айқындалған. Парламенттің жоғарғы палатасында әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Астанадан екі адам ұсынылған. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде сайлаушылар – мәслихат депутаттары жасырын дауыс берген кезде сайланады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі алты жылды құрайды. Бұл ретте олардың жартысы үш жыл сайын қайта сайланады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button