ЖаңалықтарРуханият

Сейіл Аяғанды еске алу кеші өтеді

Алты шекті гитараны қазақша сөйлетіп, ән өнеріне өлшеусіз үлес қосқан белгілі әнші-композитор Сейіл Аяғанға арналған «Ән-аға» атты еске алу кеші өтеді.

Сурет:

Жаңа Майқұдық мәдениет үйі мен өнердегі ізбасар бауырлары ұйымдастырып отырған еске алу кешіне Ербол Алшынбаев, Арайлым Жукенова, Мұрат Қоңыр, Шыңғыс Мұқаев, Қанафия Нияз, Сейілбек Бохаев, Ербота Ұзақбаев, Ақжол Нұрсәлім, Аяжан Әкеева, Қуандық Төкенов, Шыңғыс Сәрсенбай сынды әншілер және «Кәусар» дуэті мен «Tattimband» аспаптық вокалдық ансамблі қатысады деп жоспарлануда. Аталмыш шара Сейіл ағамыздың туған күніне тұспа-тұс келіп отыр. Ағамыз көзі тірі болғанда 53 жасқа толар еді…

Сейіл салған сұлу әнді сағынсаңыз ертең, яғни 19 қазан сағат 17:00 де Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде өтетін «Ән-аға» атты еске алу кешіне келіңіз, ағайын!

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button