Аймақ

Сарышаған кентінде күндізгі стационар мен таңу кабинеті ашылды

Сарышаған ауылдық дәрігерлік амбулаториясында күндізгі стационар мен таңу кабинеті ашылды. Кент және Тасарал бөлімшесінің тұрғындары енді инъекция немесе система алу, таңу үшін Приозерск қаласына барудың қажеті жоқ.

Біз Приозерск қалалық ауруханасының бір бөлігіміз. Бізге 4400-ге жуық науқас тіркелген. Бұл Сарышаған мен Тасарал тұрғындары. Көбінесе пациенттер Приозерск қаласына қарапайым процедураларды алу үшін және таңуға таксимен баруға мәжбүр болды, – дейді медициналық мекеменің аға медбикесі Анар Дүйсенбекова. – Енді таңу үшін бізге тек хирургтің тағайындауы ғана керек. Инъекцияларға тағайындауларды біздің жалпы тәжірибелік дәрігерлер жасайды. Процедураларды учаскелік медбикелер жүргізеді. Деректер ауру тарихына енгізіледі, содан кейін тегін препараттар бөлінеді.

Таңу кабинеті іріңді емес жарақаттары мен жеңіл жаралары бар пациенттерге қызмет көрсету үшін қажетті барлық заттармен қамтамасыз етілген. Күндізгі стационар үш төсекке арналған. Медициналық қызметкерлер төсекке танылған науқастарға үйде қызмет көрсетеді.

– Біз күндізгі стационарды үйдегі стационар деп атаймыз. Мұнда медициналық сақтандыру және учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем алуға болады, – деп атап өтті Анар Дүйсенбекова.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button