«Saryarqa» клубы ел чемпионатына дайын
Қарағандылық «Saryarqa» хоккей клубының 30 ойыншысы Көкшетау қаласына барады. Онда Қазақстан чемпионаты өтеді деп жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, «Saryarqa» клубы «В» тобында ойнайды. Біздің командаға «Ертіс», «Арлан» және «Хумо» командалары қарсылас болмақ.
Айта кетсек, бұдан бұрын қарағандылық «Saryarqa» Астана қаласының үздіктері «Nomad» клубымен жартылай финалда бақ таластырған еді. Ойын басталысымен-ақ, кеншілер қаласының шайбашылары бірден шабуылға көшті. Соның нәтижесінде «Saryarqa» ойыншысы Антон Злобин қақпаға шайбаны дәл бағыттай алды. Ойын есебі 1:0. Бұл астаналық команданың жылдам әрекетіне мұрындық болғандай. Ойынның соңғы кезеңінде астаналық клубтың белді ойыншысы Андрей Шутов есепті 1:1 қылып теңестірді. Бұдан кейін алаң иесі Эмил Нұрғалиевтің жасаған соққысы қақпаға дөп барып, есеп еселенді. Бұл ойыннан ерекше көзге түскендер дәл осы Көкшетауға баратын хоккейшілер арасында бар. Аталған дүбірлі додада бақтары жанып, кубок иеленіп келсе, «Saryarqa» клубын биік белестер күтеді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz