Спорт

«Saryarqa» хоккей клубына – 17 жыл

2006 жылғы 25 шілдеде Қарағанды облысының әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт департаменті «Saryarqa» хоккей клубын ұйымдастыру туралы ресми шешім қабылдаған. Биыл ашылғанына 17 жыл толып отыр.

Сарыарқа хк

«Saryarqa» клубы осы кезге дейін үш рет Қазақстан чемпионы атанды. Көптеген ел кубогының иегерлері болды. «Братины» Кубогы мен «Петрова» Кубогын жеңіп алып, халықаралық аренада елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Бірқатар рекордты жаңартты.

Сондай-ақ, жуырда хоккейден Қазақстан Кубогының 2023 жылғы кестесі жарияланғанын атап өту керек. Астана һәм Көкшетау қалаларында өтетін ел Кубогы 22 тамызда басталады.

«Saryarqa» командасы «В» тобында өнер көрсетіп, Көкшетауда матчтары өтеді. «Ертіс», «Арлан», «Хумо» және «Горняк» командаларымен алаңда кездеспек.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button