Спорт

«Сарыарқада» жаңа жаттықтырушы

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубын бұдан былай Владимир Князев жаттықтырады.  

Владимир Николаевич спорттық мансабында «Нефтехимик», «Қазақмыс», «Барыс», «Ертіс», «Сарыарқа», «Арыстан» және «Астана» секілді клубтарда өнер көрсеткен. «Сарыарқа» клубының сапында жүргенде ел чемпионы, «Барыс» және «Нефтехимик» клубының қатарында жүргенде Ресей чемпионы атанған.

2014-2018 жылдары аралығында Қарағандыдағы жасөспірімдер спорт мектебінің шайбалы хоккейден жаттықтырушы қызметін атқарған. Ал, 2016 жылы 18 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы бас бапкерінің көмекші атанды. 2019-2020 жылдары «Алматы» хоккей клубының жаттықтырушылар штабының ассистенті және бас бапкері қызметінде болған.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button