Бас тақырыпРуханият

«САРЫАРҚА ЖАСТАРЫ» – сахнада

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардан жоғары оқу орындары шет қалмас үшін, еліміз алға қойған басты міндеттерді жастардың бойына сіңіру көзделген. Осы мақсатта «Ұлы дала жастары» жобасы өз жұмысын бастаған болатын. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің «Сарыарқа жастары» жобаның «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында І курс студенттерінің арасында байқау өткізді.

Айта кеткен жөн, ҚР Білім және ғылым министрлігі мұрындық болған «Ұлы дала жастары» жобасы жастардың белсенділігін арттыруға, яғни, ғылым, бизнеспен айналысуына жағдай жасауды көздейді. Сондай-ақ, жаңа бастамаларға, ғылыми журналдардағы шет тіліндегі мақалалардың санын ұлғайтуға әсер етеді.

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы үш бағыттан тұрады. Сол үш бағыттың бірі – «Саналы азамат». Осы «Саналы азамат» бағытының шеңберінде «Ұлы дала жастары» жобасы әзірленген. Жастар І курс студенттеріне арналған «Алло, біз дарынды жастарды іздейміз!» байқауында өнерде, кәсіпте, шығармашылықта белсенді жастарды жинады. Байқау жастарға сахнада өз өнерлерін көрсетіп, кеңінен танылуға мүмкіндік берді.

– Дарын – әркімге беріле бермейтін сый. Сирек кездесетін, кез келген жанды қуанта алатын адамның ерекше қабілеті. Ресей хирургі және ғалым, топографиялық анатомия бірінші атласының негізін қалаушы, Ресей әскери-далалық хирургиясының негізін қалаушы Николай Пирогов дәрігер ұлы жазушылар мен ақындардың шығармаларынан хабардар болуы тиіс. Студенттерге медицина жөнінде айтқанда, әлемнің толық көрінісінен, өнерден де айта білуі керек. Басқа білім салаларын жаратылыстану ғылымдарымен байланыстырып жеткізе білу керектігін айтқан.

Оқуға енді қабылданған студенттер алдағы уақытта өз өнерлерін жанжақты көрсетіп, дарынын шыңдайды деп ойлаймын, – дейді байқауды ұйымдастырушы ҚММУ-дің ІV курс студенті Айдын Тельманов.

Байқау аясында университеттің «Қаракөз» шығыс билер ансамблі, «Намыс» және «Insight» пікірталас клубтары, бейнелеу өнерінің үйірмесі, «KSMU – life» жас журналистер клубы және «Ақжүніс» қыздар клубы секілді шығармашылық ұжымдарының жетекшілері студенттерге жұмыстарын көрсетті. «KazMsa» медициналық жастардың ассоциациясы, КТА командаларының қазақ және орыс бірлестіктері шығармашылық жетістіктерімен таныстырды.

Аяулым СОВЕТ,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button