Спорт

«Сарыарқа» «Спутникті» ұтты

         Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы сейсенбі күні Жоғары Хоккей Лигасы тұрақты маусымының кезекті матчында «Спутник» командасынан басым түсті.

     Алғашқы болып қарағандылық Иван Иванов «Спутниктің» қақпасына гол соқты. Одан кейін қарсылас команданың ойыншысы Сергей Банашков гол салып, таразы басын теңістірді. Бұрыннан бірін-бірі жақсы білетін қос команда сескенбестен, батыл шабуылдарға шығып отырды. Екінші таймда «Спутник» командасы қарымта шабуылға жиі шыққанымен, үсті-үстіне ұйымдастырған қауіпті шабуылдардан нәтиже болмады. Қайта жерлестеріміз пасты ұтымды пайдаланып, Антон Сагадеев қақпаны дәл көздеді. Кездесу соңында есеп – 2:1 болып «Сарыарқаның» пайдасына шешілді. Айта кетейік, ЖХЛ тұрақты маусымының турнир кестесіне сай, «Сарыарқа» 12 қаңтар күні «Молотом-Прикамье» клубымен кездесетін болады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button