Жаңалықтар

«Сарыарқа» бүгін Қытайда

        ЖХЛ біріншілігі шеңберінде Ресейдің Чехов қаласына «қонаққа» барған «Сарыарқа» жергілікті «Звездадан» басым түсті.

Есепті «звездалықтар» ашты. 10-шы минутта Вадим Хлопотов «Сарыарқа» қақпасын дәл көздеді. 1:0.

Арада төрт минут өте «сарыарқалық» Константин Соколов таблодағы көрсеткішті теңестірді. 1:1.

Бұдан кейін Олег Ломако (15-ші минут) мен Исаак Валицкий (16-шы минут) бір-бір шайбадан салды. 1:3.

Екінші кезеңнің ортасында Вадим Хлопотов дубльдің авторы атанды. 2:3.

Ал, үшінші кезең тәмамдалар тұста Сергей Тополь қарағандылықтардың басымдығын арттырды. 2:4.

Бүгін «Сарыарқа» Қытайдың Харбин қаласында. Сонда «Куньлунь Ред Стар Хейлунцзян» клубымен кездеседі.

Нұрқанат Қанафин

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button