Сарбаздар даярлығы шыңдалады
Биылғы жылы Қазақстан әскерінің негізгі күш-жігері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне жетуге бағытталады. Оның ішінде жеке құрамның машығын, іс-қимылдарын жетілдіруге, елді мекендер мен таулы жерде ұрысты жүргізу үшін бөлімшелердің әзірлігін арттыруға, басқару жүйесін жетілдіруге және әскери қызметшілердің дене даярлығын шыңдауға баса назар аударылады. Сонымен қатар, жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру, әскерлерді басқару және әскерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру жақсаратын болады. Осы жылы жауынгерлік даярлықты жетілдіру шеңберінде қазақстандық әскери қызметшілердің қатысуымен бірқатар халықаралық оқу-жаттығулар мен сайыстар өткізу жоспарлануда. Құрлық әскерлерінде негізгі күш-жігер қазіргі заманғы қақтығыстар мен қарулы шиеленістердің сипатына сәйкес, әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін одан әрі арттыруға, жеке құраммен жұмыс жасау сапасын арттыруға, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтуға шоғырландырылады.
Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.