Саран

Балаларға жаңа алаң сыйлады

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Саран қаласында тағы бір балалар алаңы пайда болды. Фин кентінің балаларына жергілікті кәсіпкерлер тарапынан жасалған сыйлық – бұл.

Тренажерлер мен карусельдер жеткіншектерге қатты ұнады.

Мәдениет үйінің қызметкерлері балалар алаңының ашылуын ерекше ұйымдастырды. Аниматорлар сүйікті мультфильмдер кейіпкерлерінің костюмдерімен спорттық сайыстар, ойындар мен викториналар өткізді. Балалар барлық қалаған аквагримді тегін қолданды.

Бағдарлама мазмұнды болды. Балалар киім ауыстыра отырып жүгіру сайысына, магнит ілгегімен балық аулауға, садақ пен арбалеттен ату жаттығуларына қатысып, жылдамдық пен ептілік бойынша жарысты.
Қала тұрғындары бұл сыйлыққа дән риза.

– Әрине, біз қуаныштымыз және өте ризамыз. Алаң жақсы әрі жайлы. Енді балаларды далаға емін-еркін жіберуге болады. Оларды қайдан іздеу керек деп уайымдамаймыз. Алаңда таңертеңнен кешке дейін ойнай алады, – дейді жас ана Юлия Шакирова.

Басқа материалдар

Back to top button