Еңбек

Сапалы жұмыспен қамту және әділетті әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі

Бүгінгі күні жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету үшін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама шеңберінде бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау шаралары көзделген. Атап айтқанда, бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту.

Қарағандыда биылғы 10 ай қорытындысы бойынша мемлекеттік бағдарламаға 6767 азамат қатысты. Оның ішінде, 5982 адам тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастырылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша бағдарламаға қатысушылар техникалық және кәсіпт біліммен және қысқа мерзімде қамтамасыз етіледі. Соның аясында біліктілігі жоқ жастар қажетті мамандықты тегін оқып, кейіннен жұмысқа орналаса алады. Осы жылы аталған бағыт бойынша 369 адам қамтылды. Сұранысқа ие мамандықты оқығандар үшін артықшылықтың бірі – “Бастау бизнес” жобасымен кәсіпкерлік негіздерін оқу, микрокредит беруді кеңейту және кепілдендіру.

Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға беріледі. Жолдама алғандардың ішінен 28 қатысушысы стоматология кабинеті, жиһаз цехы қызметін кеңейту, өсімдік шаруашылығын экскалациялау үшін 301 167 мың теңге сомасына микрокредиттер алды.

Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын бағдарламаға қатысушыларға бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған және бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде гранттар алмағандарға беріледі. Грант «Бастау Бизнес» жобасы арқылы өтеусіз негізде. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алатындарға да беріледі. Қазіргі уақытта АӘК алушылар мен бағдарламамен оқудан өткен азаматтар қатарынан 90 үміткерге 52 млн. 506 мың теңге сомасында гранттар тапсырылды.

Уақытша жұмыс орындары, жұмыс өтілі жоқ адамдарға, оқу орындарының түлектеріне, зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдарға арналған. Уақытша жұмыста жүріп, бағдарламаға қатысушылар тұрақты жұмысқа оңай орналасады. Бүгінгі таңда «әлеуметтік жұмыс орындарына» жолдамамен 97 адам, «қоғамдық жұмыстар» бағытында 533 азамат жұмысқа орналастырылды.

Жастар оқу орнын бітіріп, диплом алып, жұмысқа орналасуға барады. Алайда, жұмыс берушілер жұмыс тәжірибесі бар маманға артықшылық береді. Бағдарлама аясында жас мамандарды жұмысқа орналастыруда «Жастар тәжірибесі» бағыты бар. Бүгінгі таңда онда 301 жас маман жіберілді.

Сонымен қатар, биыл 29 жастан аспаған, жұмыс тәжірибесі жоқ жастар арасынан алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектерге арналған «Алғашқы жұмыс орны» пилоттық жобасы іске қосылды. Жұмыспен қамту орталығымен 29 қатысушы жұмысқа орналастырылды.

Қазіргі уақытта Қарағанды қаласында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуде жұмыстар белсенді жүргізілуде. Естеріңізге сала кетейік, атаулы әлеуметтік көмек – бұл қаржылық жағдайды жақсартуға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын тартуға бағытталған, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету. Жыл басынан атаулы әлеуметтік көмек 1354 отбасына/5355 адамға тағайындалды.

Егер Сіз жұмыс іздеп жүрген болсаңыз, өмірлік қиын жағдайға тап болсаңыз, Қарағанды қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына Бұқар жырау даңғылы 51/4 мекен-жайы бойынша жүгіне аласыз. Сізге мәселелерді шешуде қуана-қуана көмектеседі.

Ж.ИСКАКОВ, «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button