Бас тақырып

Сандарға сенсек, Шет ауданында жұмыссыздар азайып келеді

Шет ауданында еңбек нарығын дамыту мақсатында жыл басынан «Электронды еңбек биржасы» арқылы тұрақты жұмысқа 427 адам орналастырылған. Жыл соңына дейін 890 адамды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарда.

– 2021 жылғы жұмыссыздық деңгейі 3,5% болса, 2022 жылы 3,4% құрап, 0,1% төмендеді. Бүгінде аудандағы жұмысыздар саны – 584 адамды. Оның ішінде 218 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстырылса, 67 адам жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алады, – дейді Шет ауданының Мансап орталығының басшысы А.Амангельдин.

Одан бөлек, елді мекендерде санитарлық тазалық жұмыстарын атқару үшін қоғамдық жұмыс орындарына жыл басынан 131 адам жолданған.

Шет ауданында жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарын аяқтап келген түлектер үшін жастар тәжірибесі бағдарламасы ұйымдастырылып, оған 25 адам жұмысқа орналастырылғанын айту керек. Оның ішінде 19 адам жастар тәжірибесін аяқтап тұрақты жұмысқа орналастырылса, 6 адам бүгінгі күнге дейін жұмыстарын жалғастыруда.

«Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы бойынша жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарын аяқтаған түлектер ішінен 3 адам мамандық бойынша жұмысқа орналастырылды.

Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жыл басынан 14 жұмыс берушіге 20 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, жалақыларының 35 пайыздық мөлшері мемлекет тарапынан субсидияланған.

Аудан зейнет жасына жақындағандарды да толық жұмыспен қамтып отыр. Мәселен, жыл басынан 29 жұмыс берушіге 67 адам жұмысқа жолданды. Олардың жалақыларының 70 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланатынын айту керек.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button