Жаңалықтар

Салауатты отбасы

      «Ертөстік» балабақшасында «Әке, ана және мен – салауатты отбасы» спорттық жарыс өтті.

       Ата-аналарды балабақша өміріндегі салауатты өмір салтына тәрбиелеу, жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру мақсатында өтті. Тәрбиешілер жас ұрпаққа «Қазақстан – 2030» бағдарламасының басты міндеттерінің бірі – салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау, адам денсаулығының бағалы байлық екендігін түсіндірді. Ата-аналардың жарысқа ерекше дайындықпен келгендері аңғарылып тұрды. Сайысқа төрт топ қатысты. Түрлі спорттық ойындар мен топтар арасында жарыстар өткізіліп, соңында жеңімпаз топтар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. Сайыс кезінде бала мен ата-аналар арасындағы ұйымшылдық пен мейірімділік, достық, сыйластық сезімдері байқалып тұрды.

Алтын СЕКСЕНАЛИНА,

«Ертөстік» балабақшасының әдіскері.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button