Сайлау – 2021

Сайлауда санитарлық талап сақталады

Облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК онлайн режимде ауыл әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауын өткізуге дайындық туралы кеңес өткізді. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетовтың айтуынша, барлық ұйымдастыру мәселелері жергілікті әкімдіктермен бірлесіп шешілді. Сайлаушылар тізімін нақтылау жалғасуда.

22 шілдеден бастап бюллетеньдерді дауыс беру орындарына жеткізу басталады. Сайлау санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өтеді.

Шарттардың бірі – сайлау комиссияларының мүшелерін КВИ-ге қарсы вакцинациялау. Бүгінгі күні вакцинациялауға жататындардың 72%-ы толық екпе алды. Сайлау учаскелерінде болатын бақылаушылар мен сенім білдірушілер үш күннен кешіктірмей алынған ПТР тестінің теріс нәтижесін ұсынуы керек. Сайлау учаскелерінде Ashyq жүйесін пайдалану мүмкіндігі қарастырылуда, – деді облыстың бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин.

Сонымен қатар, барлық сайлау учаскелері жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі. Антисептиктер, бір рет қолданылатын бетперделер және қолғаптар. Кіреберістегі температураны өлшеу және әлеуметтік қашықтықты сақтау міндетті. Тәуекелді азайту үшін дауыс беру стендтері перделерсіз болады.

Жеңіс Қасымбек санитарлықэпидемиологиялық талаптарды толық қамтамасыз етуді, учаскелердің материалдық-техникалық жабдықталуын және мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасауды қайта тексеруді тапсырды.

Ауыл әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауына бірнеше күн қалды. Біздің ортақ жұмысымыз – олардың ашықтығын, айқындығы мен заңдылығын қамтамасыз ету. Әр дауыс – маңызды. Ауыл тұрғындары келіп, таңдауын жасап, өздерінің конституциялық сайлау құқығын іске асыра алуы қажет, – деп атап өтті облыс әкімі.

Қарағанды облысында ауыл әкімдерінің алғашқы сайлауы 25 шілдеде 149 елді мекенде өтеді. 75 орынға 268 үміткер бар. Оның 81-і – саяси партиядан және 187-сі өзін-өзі ұсынған. 81 мыңнан астам сайлаушы дауыс береді.

Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button