Қазақстанда күн жылынады: Қарағандыда ауа температурасы +10°С-қа дейін көтеріледі
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей өңірлерде күндіз ауа температурасы +20°С-қа дейін жетеді. Ал Қарағанды облысында күндіз +15°С-қа дейін жылы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Еліміздің басым бөлігінде ауа райына антициклон әсер етеді. Түнде көптеген өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі. Күндіз солтүстік пен шығыста +5…+10°С, батыста +15…+20°С, оңтүстікте +12…+17°С жылы болады.
Қарағанды облысында да алдағы күндері жауын-шашын азайып, күндіз ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. «Қазгидрометтің» болжамынша, 28–29 қазанда облыста күндіз +7…+12°С, ал 30 қазанда +10…+15°С жылы болады. Түнде ауа температурасы -2…-7°С аралығында сақталады. Облыстың солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді.
Қарағанды қаласында 28 қазанда күндіз +7…+9°С, 29 қазанда +8…+10°С жылы болады. 30 қазанда ауа температурасы +9…+11°С-қа дейін көтеріледі. Үш күнде де жауын-шашын күтілмейді. Түнде -2…-4°С аяз болуы ықтимал.
Синоптиктер ауа райы болжамы өзгеруі мүмкін екенін ескертеді.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



