Бас тақырыпЖаңалықтар

Шет ауданындағы Өспен ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

Қарағанды облысының Шет ауданындағы Өспен ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті жұмысын бастады. Ол төрт елді мекеннің 1 400-ден астам тұрғынының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Бекет ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ашылды, деп хабарлайды Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Суреттер облыс әкімдігінен

Жаңа бекет Өспен ауылымен қатар Еркіндік, Айса және Айғыржал ауылдарына қызмет көрсетеді. Мұнда алты адам жұмыс істейді. Оның төртеуі – өрт сөндіруші, екеуі – жүргізуші. Бекет өрт сөндіру көлігімен және радиостанциялармен жабдықталған.

Бекеттің ашылуы өрт пен өзге де төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Әсіресе шалғай ауылдар үшін мұндай қызметтің маңызы зор. Өйткені оқиға орнына уақытылы жету адам өмірін сақтап, өрттің таралуына жол бермеуге көмектеседі.

«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы ауылдық жерлердегі өрт қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Өңірде осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button